МТРА жаңалықтары

Өңірге 388 мемлекеттік қызметші жетіспейді

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаментінің басшысы:


– Денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы басқармасы, Қызылжар, Петропавл қаласы және Уалиханов ауданы. Негізгі себебі, төмен жалақы. Сондықтан олар жұмыстан соң онда қалмауы тиіс. Тағы сенбі, жексенбі жұмыс істемеуі керек.

Міне, осындай фактілерді анықтау үшін биыл департамент өкілдері рейдтік шаралар ұымдастырған болатын. Нәтижесінде жұмыс уақыты аяқталған соң қызметін жалғастырған 80 мемлекеттік қызметшіні анықтаған. Өткен жылы 3437 мемлекеттік қызметші аттестациядан өткен екен. Алайда кей басқармалар айталық, дін істері, мәдениет, архив және құжаттамалар, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылғы басқармалары қызметкерлерін оқуларға жіберуге асықпайтын көрінеді. Брифинг барысында жыл бойы өткен әдеп жөнідегі кеңестің қортындысы да жария етілді.

Ғалым Тұрсынбаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің басшысы:

 


– 90-на астам іс қаралды. Соның 37-сі тәртіптік істер. 31-іне қатысты тәртіптік жаза қарастырылды.

Көпшілікке үлгі болар мемлекеттік қызметшілердің кейбірі, жұмыста ғана емес, әлеуметтік желілерде де өз-өзін ұстай алмайтын көрінеді. Олардың кейбірі қымбат автокөлікке мініп, екіншілері жаңа жылдық үстел басында ішімдіктің ортасында отырып түскен суретін инстаграмм, вконтакте, фейсбук сынды желілердегі парақшаларына жүктейді. Әрине бұл қоғамда наразылық туғызатыны рас. Бірақ кейбір мемлекеттік қызметшілер мұны түсіне бермейді дейді депаратмент басшысы Ғалым Тұрсынбаев. Бұдан бөлек, ведомство алдағы уақытта қызметтік көліктерді жұмыстан тыс уақытта пайдаланатындарға қатысты рейдтік шараларды күшейтпек.

Мағжан Ахмадина