Мәдениет

Петропавлда Вендық және Аустриялық митрополит Иларионның жазған “Рождественская оратория” туындысы орындалды

Олар қазір Вендық және Аустриялық митрополит Иларионның жазған “Рождественская оратория” туындысын ұйып тындауда. Шығарманы облыстық филармонияның симфониялық оркестры мен жергілікті өнер коллективтері орындап жатыр.

Бұл композицияның тұсауы 2007 жылы АҚШ-тың Вашингтон қаласында кесілген. Сол уақыттан бері туындыны әлемнің танымал шығармашылық ұжымдары үлкен сахналарда орындап жүр.

Протоиегрей Сергий – әулие Петр мен Павел апостолдар соборының жетекшісі:

– “Рождественская оратория” арнайы үлкен сахна төрінде орындау үшін жазылған. Айта кетсем, бұл туынды біздің шаһарымызда алғаш рет көпшіліктің назарына ұсынылуда.

Тағы, аталған мерекелік шара барысында өнер сүйер қауымға Иусустың өмірінен сыр шертетін тарихи туынды оқылды. Жалпы, 1 жарым сағатқа созылған бұл кеш жергілікті проваслав христиандарының көңілінен шықты.

– Шын жүректен барша тұрғындарды мерекемен құттағым келеді. Бұл шараға келіп марқайып қалдым”.

– Өте тамаша концерт өтті. Барлығы жұмылып керемет кеш ұйымдастырыпты. Алғысымды айтқым келеді.

Айта кетейік, мерекелік шараны ұйымдастыруға 80-ге жуық жерлесіміз қатысқан.

Тогжан Акмагамбетова