Мәдениет

Халықаралық “Рождестволық қиял” байқауы қорытындыланды

Роман Кузнецов – көрме-байқауға қатысушы:

– Бұл бұйымды жасау үшін үйде жатқан қарапайым картон қағазын қолдандық. Оны қиып алып, осындай пішін келтірдік. Жалпы байқауларға жиі қатысып отырамын. Мені бұл іске атам баулыды. Ол суретші.

Ал, Эвелина Асланованың көрмеге “С рождеством” атты композициясы қойылған. 10 жасар жеткіншек бұл жұмысты жасауға 2 ай уақытын жұмсаған.

Эвелина Асланова – көрме-байқауға қатысушы:

– Маған бұл композицияны жасауға мұғалімім, әжем және досым көмектесті. Қолөнер бұйымын әзірлеуде қорап, гуашь, фельт, мата мен жіпті қолдандым.

Дәстүрге айналған көрмеде 5 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдердің 130-ға тарта жұмысы жайғасқан. Шарада өңір жеткіншектерімен бірге Қарағанды, Рудный, Павлодар және Ресейдің Ишим, Тобольск қалаларынан келген балалар бақтарын сынады.

Инна Рипачева – “ЮНЕСКО Клубы” көркемөнер лицейінің директоры, көрме-байқауды ұйымдастырушы:

– Байқауда 307 дарынды бала бақ сынады. Барлығы үздік деген 130 жұмыс іріктелініп алынды. Сайыс жеңімпаздарына марапаттау қағаздары мен тәтті сыйлықтар табысталады.

Бұл көрме Облыстық бейнелеу өнері музейінде 1 ай бойы жалғаспақ.

 

Молдир Макишева