Спорт

Ескі Жаңа жыл мерекесіне орай мұз айдынында қызықты бағдарлама ұйымдастырылады

Конькиі жоқтарға спорттық жабдық күндізгі сағат 12-ден кешкі 11-ге дейін тегін жалға беріледі. Ал коньки тебу білмейтіндер үшін Қ. Байболов атындағы облыстық МБЖСМ-нің  мұғалім-жаттықтырушылары шеберлік сағатын өткізеді. Сонымен қатар, бағдарлама қонақтары Аяз Ата мен ақшақар жиналғандарға байқаулар, эстафета мен ойындар ұйымдастырады. Кешкі сағат 5 пен 6 аралығында жиналғандар арасында ұтыс ойыны өтіп, қызықты шара мерекелік отшашумен жалғасады. Кеш 23:00-де өз мәресіне жетеді. Мерекені қызықты, әрі көңілді өткізу мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар.

 

Молдир Макишева