Құқық қорғау органдары

Боранда адасып кеткен 20 жасар солтүстікқазақстандықтың денесі табылды

Еске сала кетейік, бейсенбі күні 12:30-да мектептен шығып үйіне бет алған мұғалім дүлей боранда адасып кеткен. Бір тәуліктен астам уақыттан бері оны тәртіп сақшылары, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен ауыл тұрғындары іздестірген. Іске еріктілер де тартылыпты. Алайда бұл шаралар еш нәтиже бермеген. Айта кетейік, жас маман ауылға жақында ғана Ақмола облысынан келген екен. Қайғылы оқиға орын алған елді-мекенде ұялы байланыс та нашар істейтін көрінеді.

Дулат Нұрзаманов – СҚО ІІД жедел жоспарлау басқармасының аға инспекторы:

– 20 жасар Береке ауылының тұрығының мәйіті ауылдан 10 шақырым жерден табылды. Мәйіттте зорлық белгілері байқалмайды. Ол қазір сот-медициналық сараптамаға жіберілген.

 

Магжан Ахмадина