Қоғам

Белгілі қазақстандық журналист Виктор Мирошниченко өмірден озды

Әріптесіміз еңбек жолын 90-шы жылдары КТК телеарнасының операторы болып бастаған. Кейін 16 жылдай республикалық “Время” газетінің меншікті тілшісі қызметін атқарды. 2000-шы жылдардан бері облыстық «КвартАл» газетінде жұмыс істеді. Сонымен қатар, қаламы қарымды журналист Ratel.kz. сайтына да мақаларын жолдап тұрған. Көбіне Виктор Мирошниченко өзінің еңбектерінде өткір әрі шешімін таппаған мәселелерді көтеретін. Жерлесімізбен қоштасу 12-ші қаңтар күні сағат 12:00-ден Бөкетов көшесінде орналасқан «КвартАл» газетінің кеңсесі маңында өтеді.

 

Култанов Байболат