МТРА жаңалықтары

Өңір аудиторлары былтыр 334 тексеріс жүргізген

Дархан Төлеубаев – СҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің маманы:

– Камералдық бақылау аудиторларға департаменттен шықпай-ақ, тексеріс жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, егер заңбұзушылық анықталса, оны түзетуге мүмкіндік беріледі және олар әкімшілік жауапкершілікке тартылмады.

Мемлекеттік сатып алу барысында қандай да бір орын алған заңбұзушылық бойынша департамент көмегіне жүгіну үшін арыз жазуға болады. Оны да веб-портал арқылы жолдауға мүмкіндік бар. Ал, олқылықтың орын алғаны расталса, жағдайды жауапты тұлғаларға 10 жұмыс күні ішінде түзетуге уақыт беріледі. Жалпы, өткен жылы Департамент мамандарымен 334 аудиторлық тексеріс өткізілген. Соның 48-і – жоспарлы шара. Ұйымдастырылған бақылау нәтижесінде жалпы көлемі 39 млрд теңгені құрайтын заңбұзушылық анықталыпты.

Злиха Отарғазиева – СҚО бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы:

– Департамент мамандарымен салынған айыппұлдың тек 3 млрд-ын ғана өндіріп алуға болады. Бүгінге дейін оның 93 пайызы бюджетке қайтарылды. Жалпы, өз істеріне немқұрайлы қарап, қателікке бой алдырғандарға хабарлама жіберіледі. Егер оны орындамаған жағдайда заң жүзінде әрекет етеміз. Аудиторлық шаралардың нәтижесі бойынша 312 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал, әкімшілік заңбұзушылыққа жол бергендерге қатысты 177 қаулы қабылданды. Оларға салынған айыппұл сомасы 26 млн тенгені құрайды. Оның 23 млн-ы бүгінде өндіріліп алынды.

Жыл бойы департамент қызметкерлері өңіріміздің түкпір-түкпірінде осы салада жұмыс істейтін мамандарды жинап, дөңгелек үстел отырыстарын өткізеді. Жиын барысында жаңадан енгізілген өзгерістер талқыланып, түсіндіру шаралары жүргізіледі.

 

Эльмира Садвокасова