Қоғам

Облыс орталығында көшелерге құм төсеу шаралары жалғасуда

Осындай оқыс оқиғалардың алдын-алу үшін жыл сайын қыс мезгілінде жолдар бойына құм төселеді. Шаһарда аталған шара қазан айының 25-інен бастау алған. Қалалық әкімдік мамандарының сөзінше, құм төсеу шаралары облыс орталығының барлық негізгі көшелерін қамтыған.

Аян Қасымов – ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманы:

– Жолдарға көктайғаққа қарсы қоспа төсеуге 3 кәсіпорын жұмылдырылған. Олар «СУ 808», «Коммунстройсервис» және «Коммунхоз-Петропавловск» серіктестіктері. Аталған компаниялар қысқы маусымға 2550 текше метр қоспа дайындады. Материалдардың 92 пайызы – құмнан, ал 8-і техникалық тұздан тұрады.

Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге арналған жолға да құм төселуде. Жұмыс таңғы 4-тен 7 жарымға дейін жүргізіледі. Алайда, кей қалалықтардың жасалып жатқан шаруаға көңілдері толмай жүр.

– Екі-үш болды. Жаяу жолға құм төсегендерін көргенім жоқ. Жүру қиын.

– Жаяу жүргіншілер жолына құм төсегендерін байқаған жоқпыз. Көшелер бәрібір тайғанақ. Тек автомобиль жолдарына ғана себіліп жатыр.

Дегенмен, бұл шаруа күн жылынып, қар ери бастағанша жалғаспақ.

 

Эльмира Садвокасова