Құқық қорғау органдары

2017 жылы 135 мың облыс тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Бұндай олқылықтардың алдын-алып, жерлестерімізді артық шығындардан арылту үшін жыл бойына облыс жолдарында түрлі акциялар мен жедел алдын-алу іс-шаралары өткізілген болатын. «Қауіпсіз жол апталығы», «Қауіпсіз мектеп автобусы», «Қауіпсіз жол» мен «Жолда қабылдау» шаралары ең алдымен жол көлік апаттары мен жарақаттануды болдырмауға бағытталды. Осылайша, өткен жылдың қорытындысы бойынша жол көлік апаттары 17,6% азайса, жол апаттарынан зардап шеккендердің саны 19%-ға, ал қаза тапқандар саны 11,3 пайызға кеміген.

Шәмшиден Ақышов – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары:

– 2017 жылы жол-патрулдік полицейлер батальоны 38 215 әкімшілік хаттама толтырды. Бүгіндері қаламызда тәулігіне 27 автопатруль жұмыс істейді. Олардың негізгі міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.