Аптадағы маңызды жаңалықтар

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Петропавл ауыр машина жасау зауытында болды

Солардың бірі – Петропавл ауыр машина жасау зауыты. Кәсіпорын алдағы уақытта техникалық жаңғырту шараларынан өтпек. Сондықтан сенаторлар бұл шаруаның қандай деңгейде жүргізіліп жатқандығын және жаңашылдықтың зауытқа қалай әсер ететіндігін сұрастырды. Жаңғырту жұмыстарына республикалық бюждттен 4,5 млрд теңге қаржы бөлінуі тиіс. Сөйтіп, жаңа, заманауи және өнімділігі жоғары – 39 бірлік қондырғы алу жоспарлануда. Ол зауыттың жаңа деңгейге шығуына мүмкіндік бермек.

Вадим Шақшақбаев – «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры:

– Қондырғылар редукторлық топтағы барлық өнімдер желісін игеруге мүмкіндік береді. Яғни, біздер мұнай-газ саласына қажетті гидравликалық қондығыларды шығара аламыз. Ол еңбек өнімділігін арттырып, шығындарды азайтуға және сыртқы нарықта бәсекелестігімізді арттыруға септеседі. Өткен жылы біздер келісім бойынша жылу энергетикасына қажетті тауарды шығарып, Ресейге жібердік. Бұл кәсіпорын үшін өте маңызды. Жаңғырту шаралары біздің сыртқы және ішкі нарықтағы позициямызды одан сайын бекіте түсуге жағдай жасайды. Тағы еліміз бойынша да жүргізіліп жатқан ірі жобаларға қондырғылар жеткізіп жатырмыз. Жалпы жоспарымыз ауқымды.

 

Магжан Ахмадина