Құқық қорғау органдары

ІІД Криминалдық полиция басқармасы іздеуде жүрген 103 қылмыскердің 88-ін темір торға тоғытқан

Енді, міне, араға 16 жыл салып облыстық ІІД-нің криминалдық полиция басқармасы Шымкент қаласының ІІБ-мен бірігіп жетінші қылмыскерді ұстады. Екі ведомство бірлесе жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қарақшы Шымкент қаласында құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Руслан Мұжұбаев, СҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі:

– 2017 жылы СҚО-да іздеуде болған 103 қылмыскердің 88-і ұсталды. Қазіргі таңда 39 қылмыскер бостандықта жүр. Іздестіру шараларының басым бағыттарына сәйкес біз ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған азаматтарды құрықтауға ерекше көңіл бөлудеміз. Есептік кезеңде ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған 24 қылмыскерді ұстадық, олардың 8-і өткен жылдары қылмыстар жасады деп айыпталған болатын.

Сондай-ақ, 2017 жылы із-түссіз жоғалған 93 адамның бүгінгі таңда 84-і табылған. Әлі 49 адамды анықтау бойынша шаралар жүргізілуде.

 

Саят Ермек