Құқық қорғау органдары

Әкімшілік Кодекстегі өзгерістер

Ал, мүгедектердің көліктеріне арналған орынға басқа жүргізушілер темір тұлпарын қойған жағдайда тағайындалатын айыппұл мөлшері де біраз азайған. Яғни, аталған ережені сақтамағандар 10 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады. Жүргізушілер арасында жиі кездесетін заңбұзушылық – жылдамдықты асыру. Мұндай олқылыққа жол бергендерге қатысты да тәртіпке шақыру амалы жеңілдетілген.

Болат Жексембинов – СҚО ІІД ӘПБ бастығының орынбасары:

– Белгілі бір шекті жылдамдықты 10-нан 20 шақырымға асырған жағдайда айыппұл мөлшері қазір 10 АЕК көлемінде болса, бұдан былай 5 АЕК-ке азаяды. Енгізілген өзгерістерге сәйкес, әкімшілік заңбұзушылық жасағандарға тағайындалатын 40 айыппұлдың көлемі төмендетілді. Тағы 4 заңбұзушылық түрі бойынша айыппұлдардың орнына ескерту жасау қарастырылған.

Әрине, мұндай өзгерістер жүргізушілердің құлағына майдай жағуда. Олар айыппұлдар көлемінің төмендеуі жағымды жаңалық деп отыр.

– Өзім ережені бұзбаймын. Және бәріне абай болуды ескертемін. Бірақ, елімізде айыппұлдардың қаншалықты жоғары екендігі белгілі. Сол себепті, олардың төмендетілгені көңілге қонымды.

– Темір тұлпар тізгіндеп жүргеніме 5 жарым жыл болды. Өткен айда бір рет ереже бұзып, айыппұл төледім. Аз ақша емес. Сондықтан, енді ақырын жүремін.

– Әрине, кей кездерде ескерту жасауға болады. Бірақ, бізге айыппұл салады. Сондықтан, менің ойымша, бұл ретте өзгерістер орын алғаны дұрыс.

Айта кетейік, аталған өзгерістер 9 қаңтардан бастап күшіне енеді.

 

Магжан Ахмадина