Құқық қорғау органдары

Қаңтардың 7-сі 9:30-да Петропавл-Жезқазған тас жолында жол апаты орын алды

Болжам бойынша, жеңіл көлік иесі машинаны басқара алмай қалып, жолдың қарсы бөлігіне шығып кеткен. Темір тұлпарды тізгіндеген Қостанай облысының 1990-шы жылғы тұрғыны оқыс оқиға орын алған жерде бірден қаза тапты. Атап өту қажет, бұл жыл басынан тіркелген алғашқы жол-көлік апаты.

Нұрбек Баекин – СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:

– Қазіргі таңда ҚР ҚК 345 бабы 3 тармағы бойынша іс қозғалды. Оқиғаның мән жайы анықталуда. Автобус жолаушылары дін аман. Ал ВАЗ көлігін тізгіндеген жігіт көз жұмды.

 

Эльмира Садвокасова