Спорт

«Қызыл-Жар СҚ» ФК жаңа баспкер келді

Петропавлдық аяқдоп шеберлері болгариялық бапкер – Никола Спасовпен келісімшартқа отырған. 59 жасар футболист осыған дейін итальяндық «Верине», португалдық «Имортале»,тағы болгариялық бірқатар клубтарға жетекшілік еткен. Никола Спасовтың жаттықтырған соңғы құрамасы – «Царско Село» клубы болған. Айта кетейік, бұған дейін үміткерлер ретінде болгариялық Илиан Илиев пен қазақстандық Вахид Масудовтың есімдері аталған болатын. Ал ұзақ жылдан кейін «Қызыл-Жар СҚ» командасын премьер-лигаға шығарған бапкердің есімі Владимир Фомичев еді. Онымен келісімшарт мерзімі өткен айда аяқталыпты.

 

Магжан Ахмадина