Қылмыс

34 жастағы қала тұрғынынан ірі көлемдегі героин табылды

34 жасар нәзік жандының есірткі бизнесіне қатысы бары тәртіп сақшыларына осыдан бұрынырақ хабарланып, иісшіл иттер ақ ұнтақты еш қиындықсыз анықтады.

– В полимерном пакете, связанном, находится порошкообразное вещество серого цвета, похожее на наркотическое средство «героин».

Бұл 30 дозаға жетерлік героин аса ірі салмақ болып есептеледі. Тіпті 10 адамды нашақор етуге жетеді екен. Қазір аталған факті бойынша күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сейілхан Жұмағұлов – СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы:


– 2017 жылы СҚО аумағында есірткіні заңсыз таратудың 332 фактісі анықталдлы. Оның 126-сы ауыр және аса ауыр қылмыс болып саналады. Қылмыстық жауапкершілікке 250 адам тартылды.

Барлығы былтыр өңірде 450 кг-нан астам түрлі есірткі тәркіленіпті.