МТРА жаңалықтары

Салық кодексіне бірқатар өзгерістер енгізілді

Жаңа салық кодексі бойынша интернет-саудагерлер салық төлеуден босатылады. Сонымен қатар, кіші және орта бизнес өкілдерінің есеп берулері жеңілдетілген режимге ауыспақ. Салық жүктемесі де жеңілдейді. Бұнымен қоса, Қазақстанда электронды декларация жүзеге асады. Бұл үрдіс қағаз жүзінде де жүргізіледі. Мәселен, техникалық жаңылысу немесе ақаулар кезінде құжаттама қағаз түрінде жүргізіледі. Жаңашылдықтардың тағы бірі – кеден органдары өздеріне қажетті ақпаратты мемлекеттік мекемелерден электронды түрде қарап, құжаттардың қағаз баламаларын сұратпайтын болады. Оған қоса, кедендік баж бен салық мерзімін ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Байболат Бектемірұлы