Қоғам

Енді шет елге шығу төлқұжатын рәсімдеу құны 19 240 теңгені құрайды

Нақтырақ айтқанда, 2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап паспортты дайындау үшін төленетін баж көлемі бұрынғыдай 4 емес, 8 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Сондықтан, енді аталмыш құжатты қолыңызға алу үшін қалтаңыздан 19 240 теңге шығаруға тура келеді. Темір тұлпарына әдемі нөмір тағуды көздеген ауқаттылардың құлақтарына да алтын сырға. Жаңа жылдан бастап автокөліктерге арналған ВИП мемлекеттік нөмірлердің бағасы да біршама қымбаттады. Көлік нөміріндегі сандар мен әріптердің үйлесімі үшін енді 685 мың теңге көлемінде қаражат төлеу керек. Айта кетейік, жаңа жылдан бастап Қазақстанда 1 айлық есептік көрсеткіш сомасы 2 405 теңгені құрайды. Бұл былтырғыдан 6%-ға жоғары.

Саят Ермек