Денсаулық сақтау

Демалыс күндері 200-ден аса өңір тұрғыны түрлі жарақаттар алған

Анастасия Минабутдинова:


– Барлық балаларға абай жүрсін деп айтқым келеді. Сонда ғана еш жерінді зақымдамай, сау жүресің.

Ал, Фарида Токинаның 1 жастан енді ғана асқан ұлы Әмір болса, қолын ыстық суға күйдіріп алған. Қазір ауруханада тиісті ем-дом қабылдап жатыр.

Фарида Токина – ата-ана:


– Қазір баламның жағдайы жақсы. Келешекте ата-аналарға айтатыным, балаларға абай болыңыздар. Олардың жағдайларына қараңыздар.

Жаңа жылдық мереке күндері облыстық балалар ауруханасының травмотология және ортопедия бөлімшесіне Настя мен Әмір сияқты 68 бала түрлі жарақаттармен келіп түскен. Соның 7-уі емдеу мекемесіне жатқызылған.

Асылхан Жағыпаров – Облыстық балалар ауруханасы жарақат бөлімшесінің травматолог-ортопед дәрігері:

– Оның ішінде 2-і бала күйікпен түсті, 5-уі тірек қимыл аппараты сүйегінің сыныуымен жатқызылды. Бүгінгі таңда барлық түскен балалардың жалпы жағдайлары орташа деңгейде. Олардың денсаулықтарына ешқандай да ауыр қауіп төніп тұрған жоқ. Науқастарға гипс салынып, ота жасалды. Өздерін жақсы сезінеді.

Соңғы 5-күнде 3-ші қалалық ауруханаға түрлі деңгейдегі зақым алып түскендердің саны болса, 147-ге жетіпті. Зардап шеккендердің 88-і қала көшелерінде келе жатып, құлаған екен.

Валерий Грибашов – 3-ші қалалық ауруханасының жарақат зардабын емдеу пунктінің меңгерушісі:


– Демалыс күндері ауруханаға 30 науқас жедел-жәрдеммен жеткізілді. Оның 11-і ауруханаға жатқызылды. Сондай-ақ, 2 тұрғынның қолын үсік шалып, 3-уі күйіп қалған.

Дегенмен, ақ халатты абзал жандар былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда түрлі жарақат алып ауруханаға жүгінген адамдардың саны біршама төмендегенін айтады.

Тогжан Акмагамбетова