Балалар

Петропавлда балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін жаңа жылдық шырша мерекесі өтті

Жаңа жылдық кеште ертегі кейіпкерлері театрландырылған қойылым қойып, түрлі конкурстармен балаларды қызыққа бөледі. Бүлдіршіндер шара барысында жасыл шыршаны айнала ән салып, би биледі. Сонымен қатар, қалалық демалыс саябағындағы атракциондарды тегін пайдаланған балалардың көңілі бір серпіліп қалды.

– Көңіл күйім керемет. Баршаларыңызды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын!

– Мен жаңа жыл мерекесін асыға күттім. Барлығы тамаша өтіп жатыр.

– Біз үшін осындай мерекелік бағдарлама ұйымдастырғандары үшін алғысымды айтамын.