МТРА жаңалықтары

Жұмысшы кентінде «Светофор» төмен бағалар дүкені ашылды

Светлана Котельникова – «Светофор в Рабочем» қойма, төмен бағалар дүкенінің әкімшісі:

– Мұнда азық-түлік өнімдерінен бөлек, азын-аулақ киім кешек, тұрмыстық химия мен техниканың кей түрін табуға болады. Дүкеніміз жарық, жылы әрі кең. Біздер көтерме және бөлшек сатып алушыларға қызмет көрсетеміз. Және көтерме бағамен алатындарға біраз жеңілдіктер жасаймыз. Негізінен сауда орнында жергілікті тауар өндірушілері мен Ресейдің өнімдері саудаланады. Бағалары өзге жерлердегіге қарағанда 20-40 пайызға төмен. Өйткені, дүкеніміз орташа табыс алатын жанұялараға арналған.

Бұрын қаңырап бос тұрған ғимарат қалыпқа келтіріліп, мұнда желтоқсаның 15-і күні «Светофор» дүкені ашылған. Бұл бренд халыққа жақсы таныс. Қалада мұндай дүкен бар. Бірақ бұл алғашқысына қарағанда үлкен. Әзірге мұнда түрлі тауардың 600-ден астам түрі саудаланады. Келешекте олардың санын арттыру жоспарлануда. Дүкеннің ашылғандығына Жұмысшы кентінің тұрғындары да қуанышты. Аталған ауданда бұрын мұндай ірі сауда орны болмапты.

–  Бағалары өте тиімді. Өзіме ұнайды. Қызмет көрсетуі де жақсы. Ауданға мұндай сауда орындары жетіспей тұрған еді. Жақсы болды.

–  Маған ұнайды. Тауарлар көп. Барлығы таза. Ең бастысы бағалары арзан. Күнде келіп тұрамыз.

–  Зейнеткерлер үшін дүкенің ашылуы жағымды жаңалық болды деп ойлаймын. Өйткені, мұндағы бағалар көңілге қонымды. Үйдің маңында дүкен болса да, осында арзан тауар алуға келемін. Ризамын.

Дүкеннің нақ осы ауданда ашылуының тағы бір оң тұсы бар. Мұнда екі қолға бір күрек таппай жүрген 13 петропавлдық еңбекпен қамтылған. Солардың бірі – Юлия Проценко.

Юлия Проценко – «Светофор в Рабочем» қойма, төмен бағалар дүкенінің қызметкері:

 

– Күніне бізге 1000-ға жуық адам келеді. Негізінен мереке қарсаңында, тұрғындар шұжық, кондитер өнімдері мен сусындарды көптеп алады. Дүкеннің нақ осы жерден ашылғаны жақсы болды. Жұмыс тәртібі де ыңғайлы. Ауысып жұмыс жасаймыз. Жалақысы да көңілге қонымды.

Тұрмысқа қажетті заттар, киім-кешек, сусындар, макарон өнімдері, шұжық және кәмпиттердің түр түрін осында табуға болады. Сондықтан арзан бағамен сапалы тауар аламын десеңіз осында асығыңыз. «Светофор» дүкені Жұмысшы кенті Украин көшесі 211 мекен-жайында орналасқан. Ол таңғы сағат 9-дан кешкі 8-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

Мағжан Ахмадина