Құқық қорғау органдары

Теріскейлік полицейлер пиротехникалық өнімдерді заңсыз сататын сауда нүктелерін анықтауда

Сондықтан тәртіп сақшылары пиротехникалық өнімдерді сататын сауда нүктелерін тексеруді бастап кетті. Мәселен, рейд барысында «Океан» сауда үйінің маңында петардалар мен отшашуларды заңсыз саудалап жатқан азамат ұсталды. Аталған факті бойынша әкімшілік хаттама толтырыл лицензиясы жоқ өнім толығымен тәркіленді.

– Меня задержали за продажу пиротехнических изделий. Нет документов на продажу, лицензии.

– Как вы считаете: перед новым годом это не опасно ли?

– Ну, это конечно опасно для детей. Я бы своему ребенку тоже бы не посоветовала бы. В руки я бы ей не дала даже фейерверк.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 196-бабына сәйкес, заңсыз сауда жасап, тиын табуды көздеген азаматтарға 25 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Әлішер Жармағамбетов – Петропавл қ. ІІБ инспекторы:


– Мереке қарсаңында жылдам қимылдайтын арнайы жасақ және жергілікті полиция қызметкерлері 6 рейдтік шара өткізіп, жалпы сомасы 2 миллион теңгені құрайтын пиротехникалық бұйымдарды тәркіледі, 6 әкімшілік хаттама толтырылды.

Жаңа жылды әсерлі отшашумен қарсы аламын дейтіндердің құлақтарына алтын сырға. Өзіңіздің және отбасы мүшелерінің қауіпсіздігі үшін тек тиісті серитификаты бар пиротехникалық өнімдерді сатып алған абзал. Мерекенің шырқын бұзғыңыз келмесе, оларды пайдалану ережелерін де қаперде ұстаған жөн.

 

Саят Ермек