Құқық қорғау органдары

Тәртіп сақшыларының жанұяларына жаңажылдық шара ұйымдастырылды

Бұл шараға 10 жасқа дейінгі 750 бүлдіршін жиналған. Ішкі істер органдарының қызметкерлері оларға тәтті сыйлықтар әзірлепті. Сондай-ақ, 400 жеткіншек Аяз Атамен жүздесіп, облыстық драм театр ұжымы дайындаған “Щелкунчик” қойылымын тамашалап қайтты. Айта кетейік, жаңа жылдық шырша барысында жеткіншектердің ата-аналары бір күнге қызметтерінен босатылды. Ал алдағы мереке күндері полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істейді.