МТРА жаңалықтары

Сауда орындарының бірінің жанындағы нысанның шатыры опырылып түсті

Гашек көшесінің бойындағы бұл нысанның жалпы аумағы бір жарым мың шаршы метрді құрайды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, опырылған шатыр сол жердегі екі жүк және бір жеңіл көлікті басып қалған. Апат болған уақытта төңіректе ешкім болмағандықтан зардап шеккендер жоқ. Қазір бұл оқиғаның себептері анықталып жатыр.