Білім

Мектептердің жанында құрылған қамқоршылық кеңесі оқушыларға Жаңа жыл мерекесін ұйымдастырды

Жөндеу жұмыстарына, қажетті оқулықтарға ақша бөледі. Жаңа жыл қарсаңында мектеп ішінде туындайтын мәселелерге бей-жай қарамайтын осындай ата-аналарға қошемет көрсетіліп, олардың бірқатары қала әкімінің алғыс хатыпен мараптталды.

Көпбалалы ана Айгүл Сәдуақасова М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейіндегі қамқоршылық кеңесіне мүшелік етеді. 5 оқушының анасы өзгенің баласына қол ұшын беруден аянбайды. Өйткені, нәзік жанды жағдайы келіскен әрбір адам тұрмысы төмен жанұяларға көмектесу керек деп есептейді.

Айгүл Сәдуақасова – көпбалалы ана, қала тұрғыны:


– Қамқоршылық кеңесіне 11 ата-ана мүшелік етеді. Біз әр оқушының ата-аналарынан мың теңгеден ақша жинап, оны мектептің жөндеу жұмыстарына, қажетті оқулықтарға береміз.

Осы мектеп лицейдің қамқоршылық кеңесі түрлі мерекелерде оқушыларға шағын концерт ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Тұрмыс жағдайы төмен және көпбалалы отбасылардан шыққан жеткіншектерді де ара-тұра сыйлықтармен қуантып тұрады. Бұл тартулар жомарт ата-аналардан түскен ақшаға алынады.

Алихан Мұхаметқазы – М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің оқушысы:

 

– Отандастарымды Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын. Бүгінгі ата-аналардың жасаған сыйлығы маған ұнады. Мен оқуда озатпын. Ер жеткенде бизнесмен боламын. Жетім балаларға көмектесемін.

Міне кезекті рет М.Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжінің жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің оқушылары кең дастархан басына жиналды. Бұл да қамқоршылық кеңестің жаңа жыл мерекесіне орай жасаған көмегінің бірі.

Берік Қасен