Балалар

Балалар үйінде қайырымдылық кеш ұйымдастырылды

Қонаққа балалардың қөңіл-күйлерін көтеру үшін ертегі әлемінен сиқыршы келді. Ол әртүрлі ғажайыптарын көрсетіп, бүлдіршіндерді ойнатты.

Тамир Керебаев, “KZ CASH” компаниясының өкілі:

– Біз де осындай мерекелік шараға үлесімізді қосуды жөн көрдік. Осы кездесуден ғажап әсер алған балалардың қуанышын бөлісу қандай жақсы. Біздің мақсатымыз – осы бүлдіршіндердің әрдайым күліп, қуанып жүрулеріне септесу.

Жаңа жыл мерекесінің сәнін келтіретін Аяз ата мен Ақшақар да түрлі байқаулар ұйымдастырып, балаларды қызыққа бөледі. Бүлдіршіндердің көңіл күйлері тамаша. Жаңа жылдық мерекені асыға күткендері байқалады.

Алина Ильясова, Петропавл қаласының балалар үйінің тәрбиеленушісі:

– Жаңа жылдық мерекені ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін. Бізге керемет көңіл күй сыйлады. Мерекені асыға күтудемін, барлық армандарым орындалады деп сенемін.

Мерекелік шара соңында KZ CASH ұйымы тәрбиеленушілерге тәтті сыйлықтармен қатар плазмалық теледидарды сыйға тартты.

Саят Ермек