Құқық қорғау органдары

Жаңа-жыл бәріне ортақ мереке

Қайрат Оразалин, СҚО ІІД бастығының бірінші орынбасары:

– СҚО ІІД бастығы, генерал-майор Берік Біләловтың атынан Жаңа жылдық және рождестволық мерекелермен құттықтау үшін келдік. Бұндағы жандардың алдағы жылы жағдайлары жақсаруларын тілейміз.

Биыл бұл мекенге үй-күйі жоқ 150 адам тұрақтаған. Оның бірі – 51 жастағы Елена Макотова. Оның жылу желілері мен құдықтардың маңын паналап жүргеніне 11 жыл. Әйел өлең шығарады. Оның бірі осы тұрақтау пункіне арналған.

Ночлежка – это свет в окне
Спасенье душ, сердец надежд
Пусть на заснеженной земле
Найдется место на ночь грешным…

ЕЛЕНА МАКОВКА:

– Спасибо людям, которые заботятся о нас, которые как говорится о бродягах, о бомжах. Дают какое тепло, кров нам. Кормят нас горячей пищей, не забывают нас никогда. Периодически вещами снабжают.

Петропавлда үй-күйсіздердің түнгі панасы 3 жылдан бері жұмыс жасайды. Осы уақыттан бері өңірде үсіп өлгендер тіркелмепті. Қатты аязды күндері мұндағылардың саны 40-қа дейін жетеді екен. Күндіз нысан жуып-шаю үшін санитарлық жұмыстарға жабылады. Түнде отжағулы. Полицейлер мен медицина қызметі кезекшілік атқарады. Ал, “Қызыл ай” қоғамы панасыздарды тамақтандыруға көмектеседі. Биыл пунктке бақылау камерасы да орнатылған.

 

Акбопе Танирберген