МТРА жаңалықтары

“Богатырский продукт” ЖШС Жаңа жыл мерекесі қарсаңында тұтынушыларын қуантты

Айсұлу Кәкенова – ұтыс иегері:

– Мен жүкті кезімде “777” шекілдеуігін шағып, ұнатым қалғанмын. Содан бері міне осы шемішкені әрдайым шағамын. Бүгін ұтыс иегері атанып отырмын. Оған әрине қуаныштымын.

Шағын ұтыстардың барлығы өз иелеріне табысталып болды. Келесі кезек – теледидарларда. Олардың саны – екеу. Алғашқысын қала тұрғыны Әсия Әбішева иеленді. Нәзік жанды бұл жеңіске кеше ғана қол жеткізіпті. Ал екінші теледидар Мамлют ауданынан келіп отырған Анатолий Лёвинге бұйырды.

Анатолий Лёвин – ұтыс иегері, Мамалют ауданы:

– Мен дүкеннен “777” шекілдеуігін сатып алып едім, ұтыс купоны шықты. Бүгін міне теледидар алып отырмын. Бұған дейін де “Богатырский продукт” серіктестігінің сыйлықтарын ұтып алғанмын. Бірақ, арасындағы ірі жеңісім осы.

Өткен жылдың қарашасында бастау алған ұтыс акциясында ұйымдастырушылар “777” шекілдеуігінің қаптамасына 2 мың купон салыпты. Жеңімпаздар тек солтүстік өңірде ғана емес, сонымен қатар ел аумағы бойынша да анықталады екен. Бүгінде олардың саны 10 мыңға жуық. Жалпы “Богатырский продукт” серіктестігінің өнімі елімізге ғана емес, көршілес Ресейге де кеңінен тараған.

Алёна Шаймарданова – “Богатырский продукт” ЖШС маркетинг бөлімінің жетекшісі:

– Серіктестік “Петрохолод”, “Богатырский” сында тұшпараның 20, “Тамерлан” маркалі ұнның да сонша түрін шығарады. Тауарларымыз ел аумағында ғана емес көршілес Ресейдің Түмен, Омбы, Челябі сынды қалаларына да экспортталады. Біздің бағаларымыз тұтынушылардың көңілінен шығып жатады. Құны арзан болғандықтан купондарды тек “777” шекілдеуігін саламыз.

Бүгінгі шарадан кейін барлық ұтыс иегерлері компанияға алғыстарын айтып тарқасты.

Елена Куликова:

– Біз “Богатырский продукт” компаниясының өнімдерін жақсы көреміз. Сапалы, әрі балғын. Шекілдеуігін күнде шағамыз. Компанияға осындай сыйлықтары үшін алғысымыз шексіз.

Борис Стаханов:

– Мен серіктестік өндіретін тауарларды күнделікті сатып аламын. Жаңа жыл алдында компания өз тұтынушыларын қуантып отыр. Ол үшін рахмет!

Ендігі келесі ұтыс иегерлеріне сыйлықтары 2 айдан кейін табысталады.

 

Риат Шони