Спорт

Медицина қызметкерлері арасындағы спартакиада мәресіне жетті

Айдын Сапуанов – жарысқа қатысушы, Облыстық аурухананың дәрігер-рентгенологы:

– Осындай спорттық шаралардың жиі өтіп тұрғаны дұрыс. Мен шаңғыдан басқа жеңіл атлетикамен айналысып, футбол ойнаймын.

Шаңғы жарысына медициналық ұйымдардан барлығы 12 ұжым қатысуда. Айту керек, дәрігерлер мен медбикелердің арасында спорттың түр-түрімен айналысатындары бар.

Жанат Мұхаметғалеев – Петропавл қалалық дене тәрбиесі және спорт бөлімінің бас маманы:

– Келіншектер 1 шақырым, ерлер 2 шақырымға шаңғымен жүгіруде Дәрігерлер мен медбикелер алдыңғы күндері спорттың 5 түрі бойынша сынға түсті. Өткен сайытардың қорытындысы бойынша 1-орында облыстық кардиологиялық орталық тұр. Спартакиада арқылы біз медицина қызметкерлерінің арасында салауатты өмір салтын насихаттаудамыз.

Дәстүрлі спартакиадаға 100 жуық адам қатысты. Топ жарғандарға диплом үлестірілді.

Берік Қасен