Қоғам

КСРО әскерлерінің Ауғанстан шекарасына өткеніне 38 жыл

Игорь Гамов – “ҚР Ауған соғысы ардагерлерiнің одағы” ҚБ СҚО бойынша төрағасы:

– Біз Ауғанстан жерінде Отан алдындағы парызын, интернационалдық борыштарын абыроймен өтеп, ерлікпен қаза болған жауынгер жолдастарымызға, туғандарымызға құрмет көрсетіп, еске алу үшін келдік.

Жиылғандар Ауған соғысында мерт болған азаматтарды еске алып, мемориал алдына гүл шоқтарын қойды.

Серікхан Әбселемов – майданға қатысқандардың бірі. Әскери міндетін абыроймен өтеп, соғыстан аман-есен оралған ол бүгінде Петропавлдағы Ұлттық ұланның әскери институтын басқарады.

Серікхан Әбселемов – ҚР ҰҰ Әскери институтының бастығы:

– Мен 1989 жылы Ауғанстанға жіберілдім. Взвод командирі болдым. Қарамағымдағы жауынгерлердің бәрі аман-есен елге оралды. Бұл мен үшін ең биік награда.

Ауған жеріндегі майданға барлығы 22 мың қазақстандық аттаныпты. 761-і қаза тапса, 21-і із-түссіз жоғалған.

 

Саят Ермек