МТРА жаңалықтары

Немересін пешке тастаған әжей 17 жылға сотталды

Естеріңізге сала кетейік, 6-шы қараша күні 62 жастағы Любовь Русалиева Валентина есімді 3 апталық шақалақты аяусыздықпен өлтірген болатын. Бұл жаға ұстатарлық оқиға Мамлют ауданына қарасты Дубровное селосында орын алды. Айыпталушы қылмысты кешкі алтылардың шамасында жасаған. Ол өзінің туған қызы Олеся мен 9 жастағы үлкен немересін дүкенге, нан алып келуге жіберіпті. Осы сәтте бесікте жатқан нәрестені, от жанып жатқан пешке тастаған. Сот қатыгез әрекетке барған зейнеткерге аяусыздық танытпады.

Эльвира Уразамбетова – СҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

– Любовь Русалеева ҚР ҚК 99 бабы 2 тармағының адам өлтіру, қорғансыз жанды қасақана өлімге итермелеу, кәмелеттік жасқа толмаған адамды аса ауыр түрде өлтіру бөлімдері бойынша кіналы деп тынылды. Осылайша оған 17 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Және қылмыскер тергеу жұмыстарының шығыны ретінде мемлекетке 509 мың теңге өтеуі тиісті.

 

Култанов Байболат