Құқық қорғау органдары

Теріскейлік тәртіп сақшылары жаңа жыл мерекесіне орайластарылған қайырымдылық шараларын жалғастыруда

Ал мектеп-интернат директоры Ризабек Какпенов «Достар» ұйымының командиры ІІД жылдам қимылдайтын арнайы жасақ полиция майоры Ерік Кульжановқа алғыс хат табыстады. Сондай-ақ, Ішкі істер органдарының қызметкерлері ардагерлерді де назардан тыс қалдырмады. Тәртіп сақшылары аға буын өкілдерін келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Айүл Чуланова – СҚО ІІД Кадрлік қызмет басқармасының инспектор-психологі:

– Бүгін біз бүлдіршіндерге сыйлықтар жасасақ, балалар өз кезегінде бізге концерт ұйымдастырып, жаңа жылдық бағдарлама дайындапты. Сондай-ақ, бізбен өздерінің жеткен жетістіктерімен бөлісті.