Спорт

СҚО-да поуэрлифтингтен турнир өтті

Дана Сүлейменова – жарысқа қатысушы:

– Мен осы турнирге қатысқаныма өте қуаныштымын. Биыл өзімнің рекордымды жаңарттып, 62,5 келіні көтердім. Өзімнің пауэрлифтингпен айналысқа екі жылда жеткен жетістігіме көңілім толады.

Зілтемірді шалқалап жатып көтеруден ұйымдастырылған бұл турнир облысымызда дәстүрлі түрде өткізіледі. Жарысқа салмақтары 55 пен 95 келі аралығындағы ерлер қатысты.
Поуэрлифтингтен облыстық федерацияның жетекшісі Талғат Омаровтың айтуына қарағанда, осы спорт түрінен ерлер мен қатар қыздар да қалыс қалмақ емес. Тіпті Азия чемпионатына қатысқан бұрымды қыздарымыз жүлделі орындармен оралған.

Талғат Омаров – СҚО Поуэрлифтинг пен Бодтибилдингтен федерациясының жетекшісі:

– Біз бұл іріктеу турнирін 5 жыл қатарынан өткізіп келеміз. Келесі жылы Республикалық кезең, Шымкент қаласында ұйымдастырылмақ. Бұл спорт түріне ден қоюшылардың саны күннен күнге артып келеді. Қыздар мен жігіттер бас кезінде дене бітімдерін қалыпқа келтіру үшін қатынасса, уақыт өте келе бұл олардың күнделікті спортына айналады.

Мысалы мына ақылына көркі сай Светлана Пивень да басында дене бітімін сымбатты қылу үшін жаттығып жүріпті. Кейін осы ермегі спорттық мансапқа ұласқан. Жақында ол Үндістанда өткен Азия чемпионатына қатысып, көк байрағымызды желбіретіп,Қазақстанның намысын қорғап қайтты.

Светлана Пивень- Халықарылық дәрежедегі спорт шебері:

– Мен поуэрлифтингпен 1,5 жыл айналысып келемін. Осы уақыт ішінде спорт шебері атанып үлгердім. Желтоқсанның 4 мен 9-ы күндері Алипи қаласында өткен Азия чемпионатында жолым болып, жүлделі 1-ші орынды иелендім.

Іріктеу турнирінің соңында жүзден жүйрік мыңнан тұлпар атанғандар грамоталармен марапатталды.