Әр түрлі

Мамлют ауданында кинологтар арасында оқу семинары өтті

Ауылды жерлерде өршіп тұрған қылмыстардың бірі – мал ұрлығы. Осы себепті қылмыстың ізін суытпай, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін тәртіп сақшылары қызметтік иттерді пайдалана алады. Бүгінгі оқыту тренингінде төрт аяқты көмекшімен қалай жұмыс жасау керектігі айтылды.

Оқыту шарасынан кейін шараға қатысушылар практикаға көшті. Ройс тұқымды Неміс овчаркалары, Рэм мен Цезарь Ой қала тұрғынының жоғалған жылқысын табуға көмектесті. Екі ақылды ит бұл тапсырманы ойдағыдай еңсерді. Осындай оқу жаттығулары Мамлют ауданында алғаш рет өткізіліп отыр. Жалпы жыл басынан бері тәртіп сақшылары иісшіл иттердің көмегіне 2000 рет жүгініп, 800 қылмыстың бетін ашқан.

Қайрат Оразалин, ІІД бастығының бірінші орынбасары СҚО:

– Осы оқыту тренингінің мақсаты ізкесуші иттерді жедел криминалистака бөлімшелерінің мамандарымен бірлесіп оқыту. Осындай оқу жаттығулар ауылдық жерлерде мал ұрлау фактілерін ашу көрсеткішін жақсартуға септеседі.