Қылмыс

“Олимп” букмекерлік кеңсесін тонаған ұры қолға түсті

Желтоқсанның 16-сы күні таңғы 9 кезінде бетіне медициналық маска киіп алған белгісіз біреу аталған букмекерлік кеңсеге баса-көктеп кіріп, кассирді пышақпен қорқытып 1 миллинон 248 мың теңгені алып кеткен. Қылмыскердің жылдам қимылдағаны соншалық нысандағы қызметкерлер бет-бейнесін байқай алмапты. Алайда, бейнебақылау камерысының көмегімен қарақшының айрықша белгілері анықталды. Көп кешікпей күдікті де қолға түсті. Ол 23 жастағы, еш жерде жұмыс істемейтін өңір тұрғыны болып шықты.

Руслан Сыздықов – Петропавл қаласы ІІБ криминалдық полиция бөлімінің бастығы:

 


– Петропавл қаласының Ішкі істер басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Ішкі істер департаменті Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге «Олимп» букмекерлік кеңсесін тонаған 1994 жылғы қала маңындағы ауыл тұрғындарының бірін қолға түсірді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.