Спорт

Петропавлда волейболдан әйелдер арасында ел біріншілігі өтуде

15-ші желтоқсан күні басталған жарысқа 8 құрама қатысуда. Өңір намысын “Қуаныш” клубы қорғауда. Жерлестеріміз алғашқы кездесуін “Астана” командасымен өткізіп, қарсыластарын 3-те 2 есебімен тізе бүктірді. Облыс орталығында жалауын көтерген дода 24-ші желтоқсан күні өз мәресіне жетпек.

Байболат Култанов