Денсаулық сақтау

Электронды денсаулық сақтау орталығына 4 жыл

Руслан Искаков – Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының СҚОФ маманы:

– Бұл акцияны орталықтың шағын мерейитойына және Тәуелсіздік күніне арнап отырмыз. Бұл күні Қазақстанның барлық аймақтарындағы электрондық денсаулық сақтау орталығының филиалдары орталық алаңдарға шығып, акцияға белсенді қатысуда. ХХІ ғасыр – сандық технологиялар заманы. Біздің ұйымның көмегімен жаңашылдықтар денсаулық сақтау саласына да енгізілуде. Мұның бәрі азаматтардың игілігі үшін жасалуда.

Теріскейде 200-ден астам денсаулық сақтау ұйымы бар. Өңірлік электрондық денсаулық сақтау орталығының мамандары олардың бәрімен тығыз жұмыс жасайды. Электронды сырқатнама, электрондық кезектер және амбулаториялық карта, дәрігер қаралуына смартфон арқылы жазылу. Аталмыш ұйымның қолғабысымен бүгінде осының бәрі мүмкін болып отыр.

Ольга Шерстюк – Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының СҚОФ директоры:

– Біздің ұйымның бастамасымен бүгінгі таңда 22 портал жұмыс істейді. Олар денсаулық сақтау мекемелерінің стаистикасын, пациенттермен жұмысы мен қаржысын компьютер арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Электрондық денсаулық сақтау тек Петропавл қаласында ғана емес, облыс аудандарында да жүзеге асырылуда. 2018 жылдың соңында дейін облыс ауруханаларының барлығын қағазбастылықтан арылтуды көздеп отырмыз.

Айту керек, бүгінгі таңда өңірлік денсаулық сақтау мекемелерінің 84 пайызы сандық технологияларға көшіп үлгенген.

Саят Ермек