Қоғам

Тұңғыш Президент саябағы

Бүгін қалалық әкімдікте өткен мәжілісте депуттар мен ардагерлер кеңесі осы мәселеге қатысты дауыс берді. Қазір саябақтың аумағы үлкейтіліп, қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан, қала және шаһар бөлігінің атауларын өзгерту мәселелерін зерттейтін арнайы жұмыс тобы бұл сауалды толық қарап, сараптаған. Комиссия төрағасы Евгений Глотов: “Қазір адам танысмастай өзгерген саябақтың ресми атауы болған жоқ. 1-ші Президент саябағы Астана мен Алматыда бар, бізде де болсын. Сондықтан, бұл ұсыныстың қабылданатын жөні бар”, деді. Депуттар корпусы мен тұрғындар идеяны әу баста-ақ қолдаған көрінеді. Сөз алған ақсақалдар да тұңғыш мемлекет басшысы мұндай сый құрметке лайық деп отыр.

Мүкарам Шәкімов, қалалық ардагерлер кеңесінің мүшесі:

– Халық қолдап отыр. Дауысқа салдық. Біздің елбасы мұндай құрметке лайық деп ойлаймын.

 

Акбопе Танирберген