МТРА жаңалықтары

Өңір басшысы облыс ардагерлерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынға қол жеткізген М. Жұмабаев ауданына 450 мың тенге көлемінде қаражат табысталды. Жалпы, аталған ауданда 31 ардагерлер ұйымы мен 5600-дей зейнеткер бар.

Оралбай Сағындықов – М.Жұмабаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

– Жыл бойы түрлі іс-шараларды ұйымдастырдық. Ардагерлеріміз мектеп оқушыларымен кездесіп, оларға патриоттық тәрбие беруде. Бұдан бөлек, әр селолық округта зейнеткерлеріміздің жиналып, әңгіме құратын клубтары бар.

 

Эльмира Садвокасова