Спорт

Республикалық турнирде астаналық спортшы Азамат Досымбай есінен танып қалды

Елордалық шаршы алаң шебері осы турнирдегі финалдық кездесуін семейлік
Михаил Иванченкоға қарсы өткізіпті. Жекпе-жек толық 3 раундқа созылған. Төрешілердің шешімі бойынша жеңіс Шығыс Қазақстан облысының өкіліне беріліпті. Айта кеткен жөн, бәсеке кезінде ешбір кикбоксшы нокдаунға түспеген. Дегенмен, шаршы алаңдағы кездесуінен соң 1 жарым сағат өткенде Азамат өзін нашар сезініп, есінен танған. арнайы бригада оны бірден облыстық ауруханаға жеткізген. Денгенмен, спортшының әлі күнге дейін есі кірмеген, ол қазір ауыр халде жатыр.

Руслан Есеналин – СҚО дене шынықтыру және спорт басқарамасының басшысы:

– Осыдан 1 ай бұрын кикбокстан әлем біріншілігі өтті. Жарысқа Азамат Досымбай қатысып, қола медаль еншіледі. Міне, араға аз уақыт салып, спортшы тағы да додаға түсті. 2 бірдей турнирде бақ сынап ауыр соққылар алғандықтан есінен тануы мүмкін. Бірақ, бұл әзірге болжам ғана. Қос спортшы арасындағы жекпе-жекті тамашаладым. Қос тарапта бір-біріне соққылар бағыттады. Алайда, нокдаун, нокаут болмады.

 

Култанов Байболат