Қоғам

Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшылары көбейген

Ал, кейінгі екі жылда “Нұрлы Жол” бағдарламасы арқылы 10 үй тұрғызылуда. Оның бірқатары халық игілігіне беріліп үлгерді. Нәтижесінде Мемлекеттік бағдарлама қолдауымен “ТҰрғын үй құрылыс жинақ банкі” арқылы 1730 адам баспаналы болды. Биыл банк салымшыларының саны да 8 400 адамға арты. Күн өткен сайын тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы баспана аламыз деген үмітпен депозит ашушылар саны да көбеюде. Бүгінгі күні солтүстікқазақстандық 30 мың салымшы 13,6 млрд теңге көлеміндегі қаржыларын банкке сеніп тапсырған.

Райхан Әбдірахманова, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ СҚОФ директоры:

– Үстіміздегі жылдың басты жаңалығы сәуір айынан депазит ашу 0 теңгеге теңестірліп, тегін жүргізіледі. Ал, бірінші тамыздан “Баспана” тарифтік бағдарламасы іске асырылуда. Ол бұрын бар 4 тарифтік бағдарламаны біріктіріп отыр. Нәтижесінде салымшы депозит ашқан кезде сайттағы жеке кабинетке кіріп өзінің баспаналық жоспарын құра алады. Қанша теңгеден салып, қанша уақытта, қандай бағдарламамен үй алатынын жоспарлап, мемлекетен берілетін сыйақыларды да есептеп отырады. Жалпы 10 айдың ішінде Солтүстік Қазақстан облысында екінші деңгейлі банктер 6 млрд 700 млн теңгенің займын берген. Оның 5 млрд 700 млны біздің банкке тиесілі.

2017 жылдың 1 маусымынан “Қазпочта” арқылы “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінінің” депозиттерін ашу мүмкін болып отыр. Бұл үшін еліміздің түпкір-түпкірінде казпоштаның 800 автоматтандырылған бөлімшесі жұмыс жасайды.

Бекжігіт Бекбердиев, “Қазпошта” АҚ СҚОФ директоры:

– КЕлісімшарт жасастық. Енді, ауылдағы бөлімшілірге келіп депазит ашуға болады. Ол тегін.

Қазір өңір аудандарында Қазпочтаның мұндай 6 бөлімшесі жұмыс істейді. Мәселен бір ғана Ғ.Мүсірепов ауданында “Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 700 салымшысы бар екен. Есеп шоттарына ақша салу үшін бұрын қалаға келтені олар енді, барлық ақша аударымдарын аудан орталықтарында-ақ, жүзеге асыра алады.

 

Акбопе Танирберген