МТРА жаңалықтары

Петропавлда контрафактілік тауарлар жойылды

Жойылып жатқан алкоголь өнімдерінің шығарылған күні, тиісті таңбасы мен құжаттары мүлде жоқ. Сол себепті, ішімдікті нарықта заңсыз саудалағаны үшін кәсіпкерге 50 АЕК айыппұл салынады. Сондай-ақ, тұрмыстық қалдықтар полигонында 500 DVD-дисктері мен бірнеше ұялы телефон жойылды.

Ғиззат Әбішев, СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті башысының міндетін атқарушы:

– 5 дана сим карта мен 4 телефон сындырылды. Одан бөлек, ҚР заңымен тыйым салынған балық аулау құралдарының да көзі осы жерде жойылды. Мұның барлығының жүзеге асуын арнайы құрылған комиссия мүшелері қадағалады.

Кейін 7 мың 337 дана темекі қызыл жалынға оранды. Олардың барлығының акциздік маркасы жоқ. Сол себепті, мұндай өнімді Қазақстан аумағында саудалауға заңмен тыйым салынған.

 

Акбопе Танирберген