Спорт

Алғашқы кездесуде “Құлагер” ХК “Теміртау” құрамасын 3:0 есебімен жеңді

Ал, екінші кезеңде есепті теңестіруге тырысқан теміртаулықтардың шабуылдарын қақпашы Янков дарытпады. Период соңына 9 минут қалғанда 55 нөмірлі құлагерлік ойыншы Данияр Хасенов есепті еселей түсті. Үзіліске құрамалар 2:0 есебімен тарасты.

Данияр Хасенов – “Құлагер” ХК шабуылшысы:

– “Теміртау” сапында өте шымыр жігіттер ойнайды. Олармен айдында айқасу қиын. Онымен қоса қарсыластарымыз жинақы. Алайда, оңтайлы тактика құрып, барынша ұстануға тырысудамыз. Екінші кезеңде құрамаластарым дәлдеп пас бере білді, мен тек шайбаны қақпаға бағыттадым.

Соңғы 20 минуттықта Белан бастаған жігіттер қорғанысқа көшті. Себебі, есепті сақтап қалу қажет. Ал, “Теміртау” командасының жігіттері ойын барысында қызуқандылық көрсетті. Төбелеске шақ қалған сәттер де болды. Алайда, жергілікті құраманың капитаны Ильгиз Нуриев кездесудің соңғы минутында теміртаулықтардың қақпасына үшінші шайбаны салды. Қорытынды есеп – 3:0. “Құлагер” “Теміртау” құрамасын айқын басымдылықпен жеңді.

Вячеслав Белан – “Құлагер” ХК бас бапкері:

– Сәтсіздіктер сериясынан кейін жігіттер аздап түңіліп қалған болатын. Олармен жеке-жеке сөйлесіп, бүгінгі ойынға жақсылап дайындалдық. Нәтижесі көз алдарыңызда, 3:0 есебімен жеңдік. Құрамаға бірнеше жаңа ойыншы келді. Өздерін жақсы қырынан көрсетуде.

Саят Ермек