Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі Петропавлда тұрғызылып жатқан нысандарды аралады

Вадим Шакшакбаев – “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” АҚ бас директоры:

– Біз жаңтырту жұмыстарын жүргізетін болсақ, технологиялық әл-ауқатымыз артады. Бәсекеге қабілетіміз жоғарылайды. Тіпті, неміс, ресейлік, қытайлық әріптестерімізбен толыққанды иық тірестіре аламыз. Сол себепті зауытқа жаңа қондырғылар сатып алу маңызды.

Жаңғырту жұмыстары жүргізілсе жұмыс орындарының саны да артады. Оған қоса өнім көлемі 3 есеге ұлғаймақ. Осыны ескерген облыс басшысы Құмар Ақсақалов шілде айында ҚР Премьер министрінен жобаға қолдау танытуды сұрапты.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Президенттің келісімі бойынша ақша бөлінеді. Қаржыға “Петропавл ауыр машина жасау зауыты” мен “Киров” атындағы зауыт жаңғырту жұмыстарынан өтпек. Елбасы сандық технологияға көшу жайын жиі көтереді. Осы орайда “Киров” атындағы кәсіпорын электрондық өндірісті дамытатын орталық болуы мүмкін.

“Киров” атындағы зауыт “Сандық Қазақстан” және “Киберқалқан Қазақстан” жобаларын жүзеге асыруға дайын. Ол үшін өндіріс ошағында 5-ші классты дәлдігі бар көпқабатты жүйелік тақтаны әзірлеп, бүтін интегралдық микросхема жасайтын фабрика тұрғызу жоспарланған. Одан соң ғана барлық электрондық дүниелерді шығаруға мүмкіндік туады. Бұл тапсырмаларды орындау үшін жаңғырту жұмыстары аясында 299 бірлік техника сатып алу көзделген.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Жаң қондырғылар алынса, ірі жобаларды жүзеге асырамыз. «Сандық жүйеге», Радиоэлектроника, электроникаға қажетті құрылғыларды өзімізде әзірлейтін боламыз. Осыны ескеруіміз керек. Алға жылжып, еңбектенгеніміз жөн.

Жаңа қондырғылар сатып алынса, елімізде бұл зауытқа тең келер кәсіпорын болмайды. Сол себепті өңір жетекшісі жобаға қолдау танытты. Өз кезегінде Құмар Ақсақалов өндіріс ошағы өкілдеріне нысанға күрделі жөндеу жасауға кеңес берді. Сондықтан, зауыт басшылығы келер көктемде қайта қалыпқа келтіру жұмыстарын бастамақ. Жалпы, облыс әкімі Петропавлдағы индустриялық аймақтардың сыртын жаңалау қажеттін айты. Осыдан соң ғана ірі инвесторларды тартуға мүмкіндік тумақ. Ал, мынау – “Жас өркен” шағын ауданындағы құрылысы аяқталмаған ғимарат. Жамбыл көшесінде орналасқан нысан 8 жылдан бері қаңырап бос тұр. Жақында істі аяғына дейін жеткізетін кәсіпкер табылыпты.

Идрис Картал – “Султан ЭММК” АҚ бас директоры:

– Ендігі кезекте бұл 2 қабатты сауда үйі болады. Нысанның жалпы аумағы 6 мың шаршы метрді құрайды. Ғимараттың арғы жағынан да құрылыс жүргізу жоспарда бар. Алдымен, негізгі жұмыстарды аяқтап алайық. Сосын көре жатармыз.

Ал, желтоқсанның 23-і күні облыс орталығында көптен күткен теннис орталығы ашылады. Ғимарат 1200 адамға шақталған. Мұнда шағын футбол, волейбол және баскетбол ойнауға болады. Нысанның жалпы құны – 2,6 млрд теңгеге айналған.

Құмар Ақсақалов – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

– Құрылысты сәуір айында бастадық. Бұл зәулім ғимарат болып шықпақ. Іште төрт, ал сыртта 3 теннис ойнайтын алаң болады. Жылу, су барлығы келіп тұр. Жақсы нысан боларына сенімдімін.

“Жас өркен” шағын ауданында “Оқушылар сарайы” да салынуда. 3 қабаттан тұратын нысанның құрылысы ерекше. Кіре берісте келушілерді интерактивті ағаш қарсы алады. Ғимараттың бірі бөлігінде үйірмелер, ал келесі жағы it-технология орталығына берілмек.

Облыс әкімі мұнда түрлі жастағы мектеп оқушылары уақыттарын тиімді өткізетіндігін айтады. Олардың заманауи технологиямен танысып, мәдени және рухани дамуларына үлкен мүмкіндік бар. Бұдан бөлек, осы ауданда 500 орынға шақталған жаңа театр да тұрғызылады. Нысанның құрылысына 2 млрд теңгеден аса қаржы жұмсалмақ.

Осы сапары барысында облыс әкімі заманауи көпқабатты үйлер салынатын құрылыс алаңдарын да аралады. Бұдан бөлек, жақында Спорт сарайының ар жағынан тұрғызылатын жаңа мектептің жұмыстарымен танысты. Оқу ордасы 900 оқушыға шақталған. Сондай-ақ, Құмар Ақсақалов қаланың кіре берісіндегі қалыпқа келтіріліп жатқан көпірдің жайын сұрап білді.

Болатбек Айтбаев – «ҚазАвтоЖол» ҰК” АҚ СҚОФ директоры:

– Көпірдің негізгі іргетасы құйылды. Қыс уақытында өтпе жол толығымен монтажалады. Бұл жұмысты ауа райы мүмкіндік беріп жатса, көктемге дейін тындырамыз. Ал өзге шаруаны мерзімінен бұрын, яғни тамыз айында аяқтау жоспарда бар.

Жоспар бойынша бұндағы шаруа келер жылдың қараша айында аяқталады. Өңірдің бірінші басшысы көпір құрылысының сапасына, одан бөлек, абаттандыру және жарықтандыру ісіне де көңіл бөлуді тапсырды.
Құмар Ақсақалов ат басын тіреген соңғы нысан – “Қызылжар” қонақ үйі. Мұндағы 139 бөлменің дені жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Осы орайда, мұнда 2015 жылдан бері жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.

Расим Черпанов – «Кызыл Жар» қонақүйінің директоры:

– Қонақ үй бөлмелерінде тиісті жөндеу жасау үшін, кәріз және жылу жүйесін өзгертуіміз қажет. Барлығы металлдан жасалғандықтан, уақыт өте келе тот басады. Қазір барлық күшті осыған жұмылдырудамыз. 23 тіректі толығымен ауыстырмақпыз.

Бұл іске 1 жарым ай уақыт жұмсалмақ. Жылу жүйесі мен қонақ үйдің қасбеті көктемде қалыпқа келтіріледі.

Құмар Ақсақалов, аким СКО:

– Жұмыс мардымсыз жүргізілуде. Тіпті, мүлде атқарылмай жатыр десе болады. Сол себепті іске қарқын қосу керек. Марат Иманбайұлы қонақүй иесімен кездесіңіз, сөйлесіп жағдайды реттеңіздер. Ғимарат облыстық әкімдікпен негізгі көшеде орналасқандықтан іші-сырты талапқа сай болуы тиіс.

Іс-сапардың соңында Құмар Ақсақалов, қазіргі таңда Петропавлда заманауи және эстетикалық талаптарға сай келмейтін нысандары бар өзге кәсіпкерлермен де келіссөздер жүргізіліп жатқандығын тілге тиек етті.

Култанов Байболат