Ауыл шаруашылығы

Жыл басынан “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ СҚФ 683 жобаны қаржыландырған

Сол жақта жүріп “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ өңірлік филиалында 2 мәрте несие рәсімдеген. Аталған ұйым берген 4 млн. теңге қаржыға жылқы алып, пайдасын көріпті. Жерлесіміз Кіші Белое елді-мекеніне көшкен соң да, ата кәсіптен қол үзген жоқ. Бүгінде ол “Игілік” жобасы арқылы тағы 5 млн теңге көмек ақша алып қамбар ата төлдерімен қоса, ірі қара бағып отыр. Көп ұзамай, сиыр сүтін өндіріп, соны саудаламақшы.

Сарбай Жангужин – “Жангужин” ЖК директоры, Қызылжар ауданы:

– 7 жылға несие алдым. Көмек ақша 6 пайызбен берілді. Ол қаржыға 11 бас ірі қара алдым. Болашақта малдың санын 20-ға жеткізбек ойым бар.

Биылғы күз төрт түлік үшін қолайлы болып тұр. Жайлы ауа райында Сарбай Жангужин ірі қараны қорада ұстамай, күні бойы далада бағады. Зеңгі баба төлдерін көлшіктерден суарып, оты көп жерде оттатады. Осылайша малды өрістен тек қас қарая бірақ айдап қайтады.

–  “Кіші Белое” селосында су мәселесі өте өзекті болып тұр. Тұрғындар тіршілік көзін қаладан тасиды. Ал, мал мынандай көлшіктерден ішеді. Қазір күн салқындағы, мұз қатты. Дегенмен, ауылдағы ағайын мойымай осы мұзды ойып, төрт-түлікті суаруда.

Бұл мәселе келер жылы шешімін табады деген сенім бар. Қазір ауылға су тарту жөніндегі жобалық-сметалық құжат әзірленіп жатқан көрінеді. Ал малға берер азық жазда дайындалған. 40 тонна шөп пен сабан үйге жеткізілді. Жемді де жеткілікті мөлшерде сатып алыпты. келер жылы жерлесіміз аумағы үлкен кең қора салып, ауыл шаруашылығы копперативіне қосылуды қалайды.

Сарбай Жангужин – “Жангужин” ЖК директоры, Қызылжар ауданы:

– Ауыл шаруашылығы копператив құру жөніндегі жоспарды әкіммен сөйлестім. Ұйым алдағы уақытта бірнеше кәсіпкерліктердің бірігуімен құрылатын болады.

Жалпы, жыл басынан “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ жергілікті филиалы 683 жобаны қаржыландырған. Шаруамен айналысуға ниетті теріскейліктерге 2 млрд 434 млн теңге несие беріліпті.

Айдар Төлеев – “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ СҚФ директоының орынбасары:

– Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасы аясында 303 жоба мақұлданды. Осылайша іскер жандарға 1 млрд. теңгеден аса несие берілді. Көмек ақша арқылы жерлестеріміз, жеке кәсіптерін ашты, тұрғындарды жұмыспен қамтыды. Ал, ауыл шаруашылығы копперативтерін дамыту бағдарламасы аясында 38 ұйымға 958 млн. теңге несие рәсімделді. Бұл қаржыға 17 сүт қабылдау пунктері құрылды, 4 мыңнан аса сиыр мен 1 мың бас ірі қара бордақылауға алынды.

“Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” АҚ жергілікті филиалынан несие рәсімдеу бойынша Айыртау және Қызылжар аудандары көш бастап тұр. Аталған аудандарда жалпы саны 70-тен аса жоба қолдау тапқан.

Байболат  Култанов