Құқық қорғау органдары

Петропавлда “Тең мүмкіндіктер жолы” акциясы өтуде

Ақжан Кәрім – “АРДОС-Жүрек” мүгедектердің бірлестігі” ЗТБ директоры:

– Бұл шараның басты мақсаты – көлік жүргізушілерімен кездесу.Оларға жарымжандарға арналған орындарға машиналарын қоймау керектігін айтып жүрміз. Кейбір кездері адамдар көліктерін “Мүгедек” белгісі бар жерлерге қойып жатады.

Осы акция арқылы тәртіп сақшылары солтүстікқазақстандық жүргізушілерге жолда жүру ережелерін түсіндіруді көздеуде.
Тағы, шара аясында полицейлер тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар мектеп-интернатында болды. Олар білім мекемесіндегі балғындармен кездесіп, жолда жүру ережелерін қаншалықты білетіндіктерін сұрады.

Култанов Байболат