Сондай-ақ оларды алу кестесі де өзгертілмек. Осылайша, азамат зейнет демалысына немесе мүгедекке шыққан уақытта оның жылдар бойы жиған ақшасын толығымен алу мүмкіндігі бар. Алайда, бұл 404 мың 940 теңге не одан аз көлемдегі зейнетақы аударымдарына ғана қатысты.
Инна Колодяжная – “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ бөлім басшысы:
– Қорға жүгінген күні жинақталған сомма ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда, барлық қаржы зейнеткерге бірден беріледі. Ал қордағы ақша одан артылып жатса, зейнетақы ай сайын төленіп отырады. Төлемдер арнайы жүргізілетін есептер бойынша тағайындалады. Адамның зейнетақы қорындағы соммасы өзінің жасына сай коэффицентке көбейтіледі. Және ай сайын қаржының 12-ден бір бөлігі беріледі. Бұл ретте тағайындалатын зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызынан төмен болмауы тиіс.
Бұған қоса, 2018 жылдың 1-ші шілдесінен бастап мемлекеттік бюджеттен төленетін 14 466 теңге көлеміндегі базалық зейнетақы да белгілі бір талаптар бойынша төленеді. Жаңашылдыққа сай отандастарымыз бұл ақшаны еңбек өтілі мен жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бойынша алмақ. 33 жыл немесе одан да ұзақ еңбек еткен жандар құрметті демалысқа шыққанда ең төмен күнкөріс деңгейіне шақ келетін базалық зейнетақыға үміт арта алады.
Ғалия Мұқанова – “БЖЗҚ” АҚ СҚОФ бөлім басшысы:
– 1998 жылдың 1-ші қаңтарына дейін жарты жыл еңбек өтілі болмаса және зейнетақы жарналарына қатысу 10 жылдан кем болса, онда базалық зейнетақы ең төменгі күн көріс деңгейінің 54 пайызыне тең болады. Ал, 10 жылдан аса әрбір жыл үшін оның көлемі 2 пайызға артып отырады. 33 жыл болса базалық зейнетақы ең төменгі күн көрістің деңгейінің 100 пайызына тең беріледі.
Жалпы, қазіргі таңда солтүстікқазақстандықтардың зейнетақы қорындағы жинақтары 195,5 млрд теңгеден асқан. Бүгінде “Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” АҚ облыстық филалының мамандары өңіріміздің аудандарын аралап, ел заңнамасындағы соңғы өзгерістер жайын түсіндіруде.
Байболат Култанов