Құқық қорғау органдары

Мерекелік күндері өңірлік полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеді

Тимур Бимаков – старший инспектор Центра оперативного управления УВД г.Петропавловска:

– Желтоқсанның 1-і мен 3-і аралығында қоғамдық орындарда тәртіптің сақталуын қадағалауға 278 полиция қызметкері жұмылдырылды. Бейнебақылау құрылғыларының көмегімен 145 құқықбұзу фактісі анықталаса, оның 110-ы жолда жүру ережелеріне қатысты.

Облыстық ішкі істер департаментіне қарасты жедел басқару орталығы тәулік бойы жұмыс істейді. Өңірден келген барлық жедел ақпаратты өңір полицейлері 102 нөмірі арқылы қабылдайды.

Жыл басынан бері 102 нөміріне 128 649 солтүстікқазақстандық қоңырау шалған екен. Бейнебақылау құрылғыларының көмегімен жедел іздестіру барысында 157 қылмыс әшкереленіпті. Сондай-ақ, 19 450 әкімшілік құқықбұзушылық фактісі анықталған. Бұл заңбұзушылықтардың тең жартысы – жолда жүру ережелерімен байланысты.

 

 

Молдир Макишева