Қоғам

Елбасымен жүздескен солтүстікқазақстандықтар

Мына суреттер Степан Башкиров үшін ерекше қымбат. Балалық шағы, сұрапыл соғыс жылдары мен зауытта жұмыс жасаған кездері және отбасылық естеліктер бәрі бәрі осы альбомдардың ішінде. Олардың әрқайсысы жайлы қарт майдангер сағаттап әңгімелеуге бар. Мысалы, мынау ардагердің Елбасымен 5 жыл бұрын түскен суреті.

Степан Башкиров – ҰОС ардагері:

ауд: Кездесу вокзал маңында өтті. Біз ардагерлермен тұрғанбыз. Мен дәл осылай орден, медальдарымды тағынып барғанмын. Нұрсұлтан Назарбаев менен сұрапыл соғыс жылдары қайда болғанымды және жасымды сұрастырды. Мен ол кезде 87 де едім. Ол осы жасқа келгенде ширақ қимылдауымның сырын сұрады. Мен спортпен айналысатындығымды айттым. Президент болса, ол мақтанарлық жайт деді.

Жалпы Степан Башкиров Нұрсұлтан Назарбаевпен 3 рет кездескен. Ең алғаш олар сонау 1984 жылы танысыпты. Одан кейін 90-шы жылдары Кеңес Одағы ыдырап еліміз тәуелсіңздігін алып, енді ғана аяққа тұрып жатқанда жүздескен. Ардагер сол кезеңдегі қиын жағдайларға қарамастан халықтың Нұрсұлтан Назарбаевқа үлкен сенім артқанын айтады. Және мемлекетімізді дамудың даңғыл жолына бастағандығына риза. Ал жауынгер ата – бабаларының сара жолын жалғаған жерлесіміз Бахтияр Қайырбеков Президенттің қолынан 3-ші дәрежелі «Айбын» орденін алыпты.

Жастығына қарамастан болашақ офицер бейбіт заманда шу шығарған терристерге тойтарыс бере білген. Бұл оқиға Бахтияр 2016 жылы Ақтөбедегі 6655 әскери бөлімінде отан алдындағы борышын өтеп жатқан кезде орын алған.

Бахтияр Қайырбеков – ҚР ҰҰ Әскери институтының курсанты:

–  Мен осы награданы 2016 жылдың 5-ші маусымында қаруланған топ әскери қалашыққа шабуыл жасағанда бір лаңкестің көзін жойғаным үшін алдым. Өзім де ойлаған жоқпын осындай марапатқа ие боларымды. Елбасымен кездесемін деп ойлаған жоқпын.

Бахтияр өзінің бұл ерлігін жігіттік міндеті санайды. Сондықтан болар, ол келешекте өз өмірін әскери саламен байланыстырғысы келеді. Өйткені, нақ осылар ел тыныштығын қамтамасыз етіп, сіз бен біздің қауіпсіздігімізге кепілдік береді.

 

Берик Касен