МТРА жаңалықтары

Петропавл-Астана тас жолында жүк көлігі отқа оранды

Куәгерлердің сөзінше, қызыл жалын жүргізуші жүк машинасынан сыртқа шығып кеткенде тұтанған. Ол темір тұлпарға қайтып барған кезде жалын бой бермей лаулап жатыпты. Төтенше жағдай жайлы хабар құтқарушыларға күндізгі 14-тен 16 минут кеткенде түседі. Мамандар шақырылған жерге жарты сағаттың ішінде жетеді. Алайда, өрт сөндірушілер келгенде көліктің кабинасы жанып кеткен. Ал, тіркемеге тілсіз жау жетпепті. Абырой болғанда қаза тапқандар жоқ. Қазір оттың неден шыққаны және шығын көлемі есептеліп жатыр.

Айсулу Сергали