Білім

Ұлт көшбасшысының еңбегі тәрбие сағатында сөз етілді

Рамазан Иксанов – СҚО дарынды балаларға мамандандырылған ЛОРД мектеп-лицейінің оқушысы:

– Менің елім ең әдемі әрі тату. Елбасының арқасында осы лицейде сапалы білім алып жатырмын.

Экономиканың өсуі, экспорттың артуы және антиядролық саясат. Бұл және басқа да ауқымды мәселелердің бәрі сабақ барысында жан-жақты талқыланды. Басты мақсат – жеткіншектердің арасында Президенттің еңбегін дәріптеу, елге деген сүйіспеншілікті қалыптастыру.

Гүлжан Жақанова – СҚО дарынды балаларға мамандандырылған ЛОРД мектеп-лицейінің директоры:

– “Менің елім-менің Президентім” сынып сағатында Елбасынің өмір мектебін оқушыларға танысытрудамыз. Экономика, саясат мәселелерін де сөз еттік.

Тәрбие сағатына келген меймандар да аз болмады. Солардың бірі Ботагөз Ғалиева. Ондаған жылдар бойы ЛОРД мектеп-лицейінің қабырғасында қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген ұстаз Елбасы Н. Ә. Назарбаевпен бірнеше рет кездескен, Президенттің алғыс хатына да ие болған.

Ботагөз Ғалиева – Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері:

– Елбасымен бетпе-бет сөйлескен жоқпын. Қазақстан әйелдер форумы мен “Асар” партиясының съезінде алдымызға шығып сөйледі.

Сабақ соңында оқушылар ұлт көшбасшысына деген жылы лебіздерін шағын стикерлерге жазып, тақтаға жабыстырды.

Саят Ермек